- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арқалықта жоғалып кеткен...
Арқалықта жоғалып кеткен малшы үш күннен соң табылды: оны іздеуге тікұшақ тартылды
Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары мен полицейлер Қостанай облысында аязда жоғалып кеткен малшыны тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оны үш күн іздеді. 13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда жергілікті малшылардың жылқылары жоғалып кеткен. Малшылар көлікпен іздеуге шығып, оларды Ақмола облысынан тапты. Көлік қарда тұрып қалды. Малшылардың біреуі жылқыларды күзетуге қалып, жоғалып кетті.
Үш күн ішінде, ауа райының қолайсыздығына қарамастан 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және бей-жай қарамайтын жергілікті тұрғындар жоғалған адамды іздеді. Ауа райының қолайсыздығы тік ұшақпен іздеуге кедергі келтірді. Сондықтан ер адамды жаяу және квадрокоптердің көмегімен іздеді.
16 қаңтарда Астанадан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ барды. Аумақты барынша қамту үшін барлық ресурс, соның ішінде тікұшақ, жол талғамайтын көліктер және қарда жүретін көліктер тартылды. Жоғалған малшыны Восточное ауылының маңында полиция қызметкері тапты. Малшы үсік шалып, Арқалық ауруханасына жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан