Арқалықта ер адам танысын шыны бөтелкемен ұрып өлтірген

Арқалықта ер адам танысын шыны бөтелкемен ұрып өлтірген
Фото: Tengrinews.kz

Арқалықта бір ер адам мен кәмелетке толмаған қыздың өлімі туралы хабарланған. Полиция бір деректі растап, екіншісін жоққа шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ng.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы редакцияға оқырмандар хабарлаған.

"23 қыркүйекте ер адам, 24-і қыз өлі табылды. Ауданда психикалық ауруға шалдыққан адам көп. Қылмыс болған ауданда студенттер тұрып жатыр. Ата-аналар полицияның қылмыскерді таба алмай жүргеніне алаңдайды", – деп жазған тұрғындар. 

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 39 жастағы ер адамның өлімі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. 

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Марқұм мен күдікті арасында ауызша жанжал туындап, жәбірленушінің мойнынан шыны бөтелкенің сынығымен ұрған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Басқа ақпарат жарияланбайды", – деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ департамент өкілдері қыздың өлімі туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек