Арқалықта бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді

Арқалықта бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді
Фото: polisia.kz

Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін полиция қызметкері туыстарымен бірге тұрып келген.

Оқиға 7 қаңтарда болған. Қоршауға ілініп қалған қыз балконнан құлап түскен. Бұл туралы қалалық ЖБО-ға өтіп бара жатқан адамдар 05:30-да хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барып, қызды құтқарған.

Әзірше  полиция қызметкері ем қабылдап жатыр. Құтқару кезінде ол аяғынан жарақат алған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан