• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпарат Құқықтық статистика органдарының сайтында пайда болды.

Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелген. Іздеуге бастама жасаған - прокуратура.

Арғын Нығматулин туралы не белгілі?

Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин - Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.

Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылғы сәуірден 2018 жылға дейін "Сарыарқа" хоккей клубы" ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget