- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Арғын елі дән...
"Арғын елі дән риза!" Бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева перзентханадан шықты
Жақында сәбилі болған Алтынай Жорабаева перзентханадан шықты. Әншіні өнердегі әріптестері, достары, жақындары думандатып күтіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алтушамызды бөпесімен думандатып шығарып алдық. Ботам сол, жаның аман қалуымен! Ерледің. Жарайсың! Бауы берік болсын! Басқа, басқа өзіңе Арғын елі дән риза! Құтты болсын!" - деп жазды әнші Қарақат Әбілдина.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары сәби мен анасына денсаулық тіледі.
"Бауы берік болсын! Арғындар жасасын!", "Бір арғынның мықты қызы келді ғой өмірге Алла қаласа! Бауы берік болсын", "Құтты болсын, соңынан Жалғасбектер ерсін", "Бауы берік, бақытты балапан болып өсе берсін", - деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін Алтынай Жорабаева бесінші перзентін дүниеге әкелгені хабарланды. Кейінірек әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бесінші қызына қандай есім бергенін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова