"Әрекетін түсіндіре алмады". Алматыда тағы бір өрт қоюшы ұсталды

"Әрекетін түсіндіре алмады". Алматыда тағы бір өрт қоюшы ұсталды
Фото: Видео кадры

Алматыда тағы бір өрт қоюшы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін журналист Ирина Советжанқызы Facebook желісіндегі парақшасында белгісіз біреудің өрт қойып жатқан видеосын жариялаған болатын. Журналистің сөзінше, видео Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы Еңбекшіарал ауылында түсірілген. Жүргізуші қасақана өрт қойып жүрген адамның түрін видеоға түсірген. 

Алматы облысы Полиция департаменті бұл оқиғаның 6 қыркүйекте Жамбыл ауданы Еңбекшіарал кентінің маңында болғанын хабарлады. 

Ағаштарды өртеп жіберген ер адам анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Айта кету керек, жауап алу кезінде ұсталған адам өз әрекеттерін түсіндіре алмады, өйткені өртеу кезінде ол мас болған.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш