“Ардақ Назаров Әлия Назарбаеваның оққағары ма?“ Мәжіліс депутаты шынын айтты

“Ардақ Назаров Әлия Назарбаеваның оққағары ма?“ Мәжіліс депутаты шынын айтты

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында "Әлия Назарбаеваның оққағары" деген қауесетке нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2004 жылы Ресейдің Хабаровск қаласында әлем кубогында төбелестім. Сол кезде орыстардың интернетке жазған пікірін оқып, өзім таңғалдым. "Ол Назарбаевтың қызының оққағары болып жұмыс істейді" депті.

Бірақ нақты қай қызы екенін айтпаған, аты аталмаған. Өзім таңғалып қалдым, шынымен. Президенттің жанұясының оққағары болу үшін СОП-та (Президенттің күзет қызметі) жұмыс істеуім керек. Оған жұмысқа кіру үшін менің бойым 180 см-ден жоғары болу керек. Менің бойым – 170 см, салмағым 72 келі ол кезде. СОП түгілі, мені десантқа ДШБ-ға алмай қойған ғой.

Әлияның оққағары деген ақылға сыймайды. Бойым да келмейді, денем де келмейді. Ондай мамандығым да жоқ. Бірақ әлі күнге дейін қауесет ретінде айтылып келді. Соның нүктесін қоятын болсақ, түбегейлі жоққа шығарам. Ол кісіні көрмегем де, білмеймін де. Бірақ президенттің 3 қызы бар екенін, аттары қандай екенін білеміз", - деді Ардақ Назаров.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина