Әлеуметтік желілерде "төлемдер туралы жаңа қаулы" туралы айтылған видео жарияланды, оған сәйкес Қазақстанның әрбір тұрғынына 150 мың теңгеден бастап өтемақы беріледі. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода қолданушыларға "Төленбеген ақша қаражатын қайтарудың ресми өтемақы орталығы" - ТАҚҚ РӨО сайтына апаратын сілтеме бойынша өту ұсынылады. Онда сатып алу кезінде банк картасын қолданғандарға салық қайтарылатыны айтылады. Ол үшін нұсқаулыққа сәйкес сауалнаманы толтырып, деректерді және өтемақы алу тиісті карта деректерін көрсету керек.
Алайда олай істеуге болмайды. ТАҚҚ РӨО - бұл бұрыннан белгілі алаяқтардың схемасы, оның көмегімен қылмыскерлер ақшаңызды иемденуі мүмкін.
Мұндай төлем жасау жарнамасы бұрған дейін Ресей мен Беларуссияда таралған болатын. Қазақстанда мұндай видеолар 2020 жылы болған. Оларды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ресми түрде теріске шығарды.
Демек, әрбір қазақстандыққа өтемақы төленетіні туралы таралған ақпаратқа сенбеген жөн. "Төлемдер туралы қаулы" туралы ақпарат ҚР мемлекеттік органдарының ресми сайттарында да, БАҚ-та да жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз