Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ғайбат сөз айтудың салдары жайлы еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, әрбір ғайбат үшін міндетті түрде жауап бар, өзіңіз болмаса да, бала, немере, бауыр арқылы сыналасыз.
"Әрдайым: "Адамның сыртынан тон пішпеңіздер, размері келмей қалады!" - деп айтамыз. Себебі:
1. Сіз ол адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын, күйбіңде не күн кешіп жатқанын білмейсіз.
2. Әртүрлі жаман, артық сөз жазып, басыңызға бес елі күнә жинайсыз. Есіңізге салайын: сол әрбір ғайбат үшін міндетті түнде жауап бересіз.
3. Ең ауыры, айтқан әрбір жаман сөзіңіз, өзіңіздің басыңызға келмейінші өмірден өтпейсіз. Мейлі жеке басыңызыға келмесе де, балаңыз, немереңіз, бауырыңыз арқылы Алла келтіреді. Алла уәдісінде тұрушы, Ұлық!
4. Сол себепті, сақ болыңыздар мұсылман бауырлар!
5. Оның орнына жақсы ойлап, жақсы сөз жаудыра беріңіздер! Ол да, басыңызға еселеп келе береді! Құшақтадым!" - деп жазған ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда су тасқыны кезінде қанша адам қаза тапты?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз