- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Арбадан бір аптада...
"Арбадан бір аптада түсіп, балдақ ұстадым". Тамара Асар басынан өткен ауыр кезеңді есіне алды
Отандық танымал әнші Тамара Асар басынан өткен ауыр кезеңді есіне алып, өзінің жан сырын ақтарды. Ол ауыр дертімен күресте анасының асқан қайсарлығын атап өтіп, оған өз алғысын білдірген әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Мені анам Жаңақорғанға алғаш алып келгенде 20 дан асқан балғын қыз едім. Денсаулығымның жағдайы мәз емес болатын. Өзім арбада отыратынмын, апаттан кейінгі қиындау жағдай былай тұрсын, "ревмотоидный артрит" деген ауру бойыма меңдеп кеткен. Қолым қасық көтере алмайтын, аяғым жер баспақ түгіл, қозғауға келмейтін. Қиялдайтын санам, сайрайтын тілім, ыңылдайтын көмекейдегі дауысым, жәудіреген көзім ғана үміттің отын сөндірмеді. Түнде ыңырсу, күндіз кіржию. Ауру жаныма қатты бататын. Менің анам мықты адам, мені мүгедектікке бермей күресті! Сұрады! Сенді! Күтті! Амал жасады! Мені сендірді! Маған ауруды жеңдірді! Біреуге өтірік, біреуге шын, арбадан бір аптада түсіп, балдақ ұстадым, келесі аптасында балдақты лақтырып, аяғымды басып жүре бастадым", - деп жазды әнші.
Г. ДосымшаловаПосмотреть эту публикацию в Instagram