Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев "Алғашқы" бағдарламасында қайтыс болған екі ұлы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, үлкен ұлы суықтан қайтыс болған.
"Біз барақта тұрдық. Кішкене кереует болды. Астымызд матрас, үстімізде матрас, кішкентай тамақ пісіретін пеш болды. Бірінші балам сол жерде суық тигеннен қайтыс болды. Аман алып қала алмадық. Дәрігерлер "бала керек пе, әйел ме?" деп сұрады. Сөйтіп сол балам қайтыс болып кетті", - деді ол.
Екінші ұлы ауырып өмірден өткен.
"Ал екінші Серігім өте жақсы оқып жүрді. Менің ізімді қуамын деп әскери училищеге түсті. Бір күні Абай екеуміз сөйлесіп тұрсақ, ана жерде балам тұр. "Әке, сізге әкем сияқты қарым-қатынас жасасам бола ма?" деді. "Ал көрейік, айта ғой" дедім. "Мен мына жерде оқи алмаймын. Мен генералдың баласымын. Бірақ мен қателессем, ешкім мені жазаламайды. Бұл қалай?" деді. Кейін басқа университетке оқуға түсті. Бірақ қатты ауырып, қайтыс болып кетті. Аллаға шүкір, қазір бір бала, бір қызым бар. Олардан төрт немерем бар",- деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз