- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- хабиб нурмагомедов
“Арандатушылыққа берілмедім“. Хабиб Нурмагомедов ұшақта болған жайтқа пікір білдірді
ММА жұлдызы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та ұшақ бортында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол болған жайт туралы пікірін Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.
"Біріншіден, мен бұл Аляска авиакомпаниясы емес, Frontier Airlines әуе компаниясымен болған оқиға екенін түсіндіргім келеді. Маған сұрақтар қойған әйел әуелден менімен өте дөрекі сөйлесті. Мен ағылшынша жақсы сөйлеп тұрсам да, мені орнымнан алып тастағысы келді. Оның нәсілдік, ұлттық немесе басқа не нәрсеге шүйліккенін, жалпы неліктен мұндай қадамға барғанын түсіне алмадым", - деді Нурмагомедов.
Оның айтуынша, қысқа әңгімеден кейін бортсерік күзет қызметіне қоңырау шалып, оны ұшақтан шығарып жіберген. 1,5 сағаттан кейін ол басқа ұшаққа отырып, діттеген жеріне жеткен.
"Мен сабыр сақтап, арандатуға жол бермейін деп, қолдан келгеннің бәрін жасадым. Менің ойымша, адамдар мейірімді бола білуі керек", - деп түсіндірді Нурмагомедов.
View this post on Instagram
Еске салайық, бұған дейін Хабиб Нурмагомедовті Лас-Вегастан Калифорнияға ұшар алдында рейстен шығарып жіберген еді.
Бейнежазбадан байлығы 40 миллион долларға бағаланатын ММА жұлдызының эконом-класта отырғанын байқауға болады.
Спортшы ұшақта апатты жағдайда ашылатын есік жанынан орын алған. Ұшу алдындағы нұсқаулық кезінде бортсерік одан төтенше жағдай туындаған жағдайда жолаушыларға көмектесе алатынын сұраған. Алайда Хабиб бұл сұраққа анық жауап бере алмаған.
Бортсерік спортшыға басқа орынға ауысуын немесе супервайзерді шақыратынын айтқан. Хабиб орын ауыстырудан бас тартқан. Орын ауыстырмаған жағдайда, ұшпайтынын ескерткен. Хабиб мұны әділетсіздік деп бағалаған. Нәтижесінде спортшы мен танысын ұшақтан түсіріп жіберген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Литпин