Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз атынан жалған ақпарат тарап жатқан айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы министр Facebook-парақшасында жазған.
"Қазір WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер тұрғындарға менің атымнан хабарламалар жіберіп жатыр. Бұл хабарламалар жалған екенін, нөмірлер маған тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеймін. Жіберілген ақпараттарға сенбеулеріңізді және ешбір жағдайда күдікті сілтемелерді баспауларыңызды сұраймын. Қазір арандатушыларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазды Аида Балаева.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз