Түркияда болып жатқан баскөтерулерге байланысты елдің ақпарат министрі Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фахреттин Алтун: "Түркияның тыныштығын бұзу және арандатушылық әрекеттер жасап жатқандар өз мақсатына жете алмайды. Біз жалған ақпаратпен күресеміз!", - деп жазды әлеуметтік желіде.
Ол осы жазбасы арқылы сириялық босқындарға байланысты қоғамда пайда болған жағымсыз атмосфера мен шиеленістің артуына себеп болған арандатушылардың мұқият қадағаланып жатқанын хабарлады.
Түркияда әлеуметтік желілерде, көптеген платформаларда таралған негізсіз ақпарат, қолдан жасалған жаңалықтарға қарсы жұмыстар жалғасып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!