“Арамызда кейде драма, кейде мелодрама“. Sadraddin жазба жариялады

“Арамызда кейде драма, кейде мелодрама“. Sadraddin жазба жариялады
Фото: instagram.com/sadraddinn/

Қазақстандық жас әнші Sadraddin әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Арамызда кейде драма, кейде мелодрама… Шын ғашықтар неліктен қосылмайды екен?", - деп жазды жас әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Кеше ғана "Ақ көйлек" атты жаңа бейнебаяны жарыққа шыққан Sadraddin "Келіндеріңіз" деп желі қолданушыларын бір шулатып алған еді. 

"Келіндеріңіз. "Ақ көйлек" бейнебаяны. Жаңа әнім шықты, тыңдарман! 19.00-да YouTube қосулы болсын. Әннің мағынасын кім түсінді?" - деп жазған еді Садраддин әлеуметтік желіде.

Әншінің айтуынша, оның ең сүйікті бейнебаяны осы "Ақ көйлек" болыпты. 

Еске салайық, жақында әнші Алматы қаласының Орталық стадионында жеке концертін өткізеді. 

Соған байланысты жаңа бейнебаянына жақсы пікір жазған тыңдарманына концертке тегін билет сыйлайтынын айтып, әлеуметтік желіде конкурс өткізіп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sadraddin (@sadraddinn)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева