- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Арамыз суып кетті"....
"Арамыз суып кетті". Танымал актер Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты
Танымал актер Қажет Смағұл "Әзіл әлемі" театрының көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы журналист Олжас Болатбекұлына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын берген сұхбатында айтқан әңгімесі олардың қарым-қатынасына кері әсерін тигізген.
"Сол сұхбаттан кейін Тұрсынбек екеуміздің қарым-қатынасымыз суып кетті. Мен оны жамандамадым, керісінше рахмет айтып отырдым. Журналист маған "1 млн ұтқан едіңіз, соны толық алдыңыз ба?" деп сұрақ қойды. "Жоқ, толық алмадым, Тұрсынбек маған 300 мың қарыз" деп әзілдеп айттым. Соны бәрі "Тұрсынбек қарыз екен" деп жариялады. Журналистерге қатты ренжулімін. Негізі Тәкеңе рахмет айтқан едім. Соны бұрмалап әкетті", - деді ол.
Өнер иесі одан кейін Тұрсынбек Қабатовпен кездеспегенін айтты.
"Сол сұхбаттан соң Тұрсынбекпен бірге жүрген адамдар "Тәкең ренжіп жатыр" деп айтты. Бірақ одан кейін кездеспедік. Арада қаншама жыл өтіп кетті. Қазір араласпаймыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін актер Қажет Смағұл қызуқанды мінезінің кесірінен болған жайт туралы айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы