- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аралды құтқару бойынша...
Аралды құтқару бойынша халықаралық қордың төрағалығы Қазақстанға өтті
Қазақстан биыл Аралды құтқару бойынша халықаралық қорды басқарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның төрағалық ету мерзімі үш жылға созылады, Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақыт аралығына қор президенті болып сайланды.
Қор Аралды құтқаруға және жалпы аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады. Ұйымға Қазақстаннан бөлек Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр.
Оның айтуынша, бұл міндет қорға мүше барлық ел күш-жігерін біріктірген жағдайда ғана жүзеге асады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан