Арал теңізінің құрғап қалған жерлеріне орман отырғызылады

Арал теңізінің құрғап қалған жерлеріне орман отырғызылады
Фото: Экология министрлігі

Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман отырғызылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылы Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында экожүйені қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны жалғастырып жатыр.

"Жобаға француз мемлекеттік компаниясы "Orano Mining SA", басқа да ұлттық, жеке компаниялар қатысып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты - жерлердің одан әрі деградациясының алдын алу, экологиялық жағдайды жақсарту", - деп жазылған хабарламада.

Экология министрлігінің мәліметінше, бүгінгі нәтижелер мынадай:

  • 522 тонна тұқым жинақталды.
  • 2024 жылғы 16-30 желтоқсан аралығында 12 000 гектарға егін егілді.
  • 2025 жылғы қаңтар мен ақпан айларында 108 000 гектарға егін егу жоспарланып отыр.
  • 2025 жылғы наурызда 16 492 гектарға сексеуіл тұқымдас ағаштар отырғызу жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Арал теңізінде су көлемі ұлғайғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова