Қызылорда облысының Арал ауданында адасып жүрген шетелдіктерге құтқарушылар көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Севастополь қаласынан Алматыға жолға шыққан ерлі-зайыптылар Дмитрий Сабиров пен Ольга Барольская Арал теңізін көру үшін ауданға аялдаған екен. Бірақ қайтар жолда бағыттан шатасқан.
"Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі хабарлама түскен бойда оларды іздеуге кірісті. Көп ұзамай аудан орталығынан 30 шақырым жерден тапты", - деп мәлімдеді ведомстводан.
Ресейлік саяхатшылар медициналық көмекті қажет еткен жоқ.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!