- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арақтың өлімге әкелетін...
Арақтың өлімге әкелетін мөлшері аталды
Алкоголь - дүние жүзінде өлімнің басты себептерінің бірі. Алкогольдің әсерінен жиі кездесетін ауруларға семіздік, бауыр циррозы, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар жатады. Хирург Александр Умнов "NEWS.ru"-ге алкогольдің өлімге әкелетін мөлшерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, бір сағат ішінде 1 литр арақ ішу өлімге әкелуі мүмкін.
"Ағзаға 120 мг-ға дейінгі мөлшерде түскен этил спирті бауырда залалсыздандырылады. Ал құрамындағы этанол осы мөлшерден асатын алкоголь мөлшері бауыр сүзгісінен сол күйінде өтіп, қанда айнала бастайды және тіндерде жиналады. Қандағы этанол шоғыры бір литр қанға бес-алты грамға жеткенде, бір сағат ішінде бір литр арақ ішкенде бұл өлімге әкелетін мөлшер болады", - деді Александр Умнов.
Дәрігердің айтуынша, алкогольден уланудың белгілеріне мыналар жатады:
- дене температурасының түсуі;
- тыныстың баяулауы;
- тамыр соғысының жиіленуі;
- түсініксіз сөйлеу;
- галлюцинация;
- эпилепсиялық талма.
Маман адам арақты өте көп мөлшерде ішкенде әрең қозғалатынын және сыртқы тітіркендіргіштерге ешқандай әсер бермейтінін айтты.
Оқи отырыңыз: Бір жыл алкоголь ішпесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болады?
А. Жапатова