Арақтан бас тартқан: Түркістан облысының екі ауылында бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Арақтан бас тартқан: Түркістан облысының екі ауылында бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Фото: автордан

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Төреарық пен Жусансай ауылдарында бес жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған бірден-бір себеп - ауылдарда ішімдік сатылмайды. Жастар түгіл, ересектер де ауыл дүкендерінен ішімдік сатып ала алмайды. Оған қоса елді мекендерде жастар тәрбиесіне де көңіл бөлінеді.

"Шұбар елді мекеніне қарасты Аққойлы және Жусансай ауылдары 7 жылдан бері үлгілі аудандардың бірі болып келе жатыр. Осыны айтып, барлық ауылға үгіт-насихат жүргіздім. Төреарық ауылының тұрғындары бұған құлақ асып, ішімдіктен бас тартты", - деді Ордабасы ауданы полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев.

Айта кетейік, елді мекенде жастар жағы салауатты өмір салтын ұстанады екен.

"Қазір жастар көбіне спортпен шұғылданады. Кәсіпкер арнайы ауылда спорт кешенін салып жатыр. Жастарымыздың 30 пайызы осы кешенге барады" дейді тәртіп сақшысы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz