- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алкогольдердің зияны
Арақ VS шарап. Ағзаға ең зиян ішімдік қайсы?
Арақ, коньяк, шарап немесе ішімдіктің қай түрін ішсеңіз де, ағзаға бәрі зиян. Өйткені кез келген жағдайда этанолдың ыдырауы улы зат шығарады. Алайда алкогольдік сусындардың арасында ең қатты зиян тигізетін түрі бар. Бұл туралы дәрігер Вера Сережина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лента.руға" сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, зияндылығы бойынша бірінші орында - сыра мен коктейльдер - иеленеді. Маман адамдар сыраны алкогольсіз сусын ретінде қабылдап, тым көп мөлшерде ішу арқылы бауырға үлкен жүктеме түсіретінін түсіндірді. Сонымен қатар сыра несеп айдайтын әсерге ие, бұл сусыздануға, одан кейін масаңдыққа әкеп соқтырады.
Ал коктейль ішкен кезде мастықтың дәрежесін бақылау қиынға соғады. Олардың құрамындағы қосымша ингредиенттер көбінесе алкогольдің күшін тәттілігі, ащылығы және тұтқырлығымен жасырады. Егер қанша ішіп отырғаныңызды қадағаламасаңыз, есіңізді білмей қалуыңыз мүмкін. Сондай-ақ коктейль кола, шампан секілді газдалған сусыннан дайындалса, көмірқышқыл газы мастықты күшейтуге түрткі болады.
"Этанолдан басқа, мастықтың салдарын конгенерлер деп аталатын заттар да күшейтеді. Ашыту процесінде пайда болатын бұл химиялық заттар сусындардың дәмі мен хош иісіне жауап береді. Сусын неғұрлым көп болса, соғұрлым мастықтың салдары күшейеді. Конгенерге ром, бренди, қызыл шарап, текила, коньяк және виски бай", - деп бөлісті сарапшы.
Дәрігер өте тез мас болып, ауыр асқынуға әкеп соқтыратын сусындардың үшінші тобына ол херес, портвейн, мадера, марсала секілді ликерлі шарапты кіргізді. Ол бұл ішімдіктердің құрамында шамамен 17-25 пайыз этил спирті бар екенін айтып, ол асқазан-ішек жолымен тез сіңіп, қанға оңай енетініне назар аударды.
"Әрине, алкогольдің денсаулыққа әсері ішімдіктің мөлшеріне байланысты өзгеруі мүмкін - төмен мөлшерден орташа мөлшерге дейін, сондай-ақ тұтыну сипатына - алкогольді жедел, ішімдік ішу немесе созылмалы тұтыну", - деп қорытындылады ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә