- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Араб шейхі Қазақстанға...
Араб шейхі Қазақстанға келді
Фото:
gov.kz
Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорда әуежайына шейх Сауд ибн Сакр әл-Касимидің ұшағы қонды. Әмірді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды.
Былтыр мамырда Біріккен Араб Әмірліктері Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы диалог бойынша серіктес мәртебесін алды. Бұл мемлекетке ШЫҰ жұмысына белсенді қатысуға және бірлестіктің басқа мүшелерімен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова