Әр отбасыға 180 мың теңгеден төленеді: ШҚО-да қазақ тілін ауыл халқы үйретеді

Әр отбасыға 180 мың теңгеден төленеді: ШҚО-да қазақ тілін ауыл халқы үйретеді
Фото: Фотосурет ашық дереккөзден

Қала балалары осы жазда өңірдегі Катонқарағай ауданына барып қазақ тілін үйренеді. Ресми мәліметке сүйенсек, қаладан келетін меймандарды қабылдайтын отбасылар таңдалып қойған, бағдарламасы да әзір, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сол жерде өздері аялдаған отбасы мүшелерімен, ауыл тұрғындарымен ауызекі сөйлесіп үйренеді. Балалар Катонқарағай өлкесінде бірнеше күн болмақ. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің сөзінше, қаладан баратын бүлдіршіндерді қабылдайтын жанұялар жататын жер, тамақпен қамтамасыз етіп, қазақша сөйлесуді үйретсе болды. Оларға 180 мың теңгеден төленеді.

"Мемлекеттік тілді үйренуге барлығының ниетті екеніне сенімдімін. Балалар Катонқарағай ауданының үш ауылына барып орнығып, мектепте оқиды деп жоспарланған. Табиғаты тұмса мекенде оқуға да, демалуға да болады", - деді аймақ басшысы.


Ресми мәліметке сүйенсек, қаладан келетін меймандарды қабылдайтын отбасылар таңдалып қойды, бағдарламасы әзір. Одан бөлек, топ жетекшісі мен еріктілер де ауылдарға жол тартады. 


Асыл Бигелді 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы