1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.
Бұл шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған "Салтанат" залын, түрлі жиындар өтетін "Шығыс", "Мрамор", "Алтын", "Доғал" және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ, кітапхананы аралап көрді.
Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызық деректермен танысты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!