Ауруханаға түсіп қалған Жәнібек Әлімханұлы қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын!
Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын!
Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет", - деп жазды ол.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек бүгін кешке өтпейтін болды, өйткені қазақстандық боксшы бейсенбі күні салмақ өлшеу кезінде есін жоғалтып, салдарынан ауруханаға жатқызылды.
Кейін Жәнібек Әлімханұлының аурухана төсегінде жатқан фотосы тарады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!