- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әр қалада жалға...
Әр қалада жалға беру арқылы пәтер құны қанша жылда өтеледі?
Krisha.kz сарапшылары пәтерді жалға беруден ең көп табыс табуға болатын өңірлерді атады. Сонымен қатар, сарапшылар сатып алынған пәтерді ақтау үшін оны қанша жыл жалға беруі керегін санады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зерттеу нәтижесі бойынша, пәтер ақысын жалға беру арқылы ең ұзағы 13 жыл, 7 айда, ең жылдамы 8 жылда қайтаруға болады.
Сарапшылар зерттеуі бойынша, пәтерді жалға беруге ең ыңғайлы қала - Орал. Бұл қалада пәтер сатып алуға жұмсалған ақшаны 8 жылда қайтарып алуға болады. Қайталама нарықтағы пәтердің бір шаршы метрін 311,5 мың теңгеге сатып алып, айына 3 226 теңгеге жалға беруге болады.
Ал екінші орында - Алматы, онда шығынды 8 жыл, 3 айда өтеп алуға болады.
Ақтөбе қаласы үшінші орында тұр. Бұл қалада жалдамалы пәтердің ай сайынғы бағасы қыркүйекте өскен. Сондықтан пәтер ақысын 8 жыл, 5 айда қайтаруға болады.
Ал Шымкентте пәтер сатып алып, жалға беру тиімсіз екені айтылады. Дәл қазіргі бағалар бойынша мұндай инвестиция 13 жыл, 7 айда қайтарылады.
Петропавлда 11 жыл, Павлодарда 10 жыл, 2 ай ішінде пәтер ақысын өтеп алуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш