Танымал әнші Динара Сұлтан анасының туған күнінде оған су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады.
Видеода әншінің анасына жаңа көлікті табыстап жатқаны көрінеді.
"Әр баланың арманы - анасын қуанту, үмітін ақтау. Анамыздың мерей тойына орай, күйеу баласымен Changan дилерлік орталығынан даралығымен ерекшелей түсетін және жолда сенімділікті қамтамасыз ететін керемет көлікті сыйға тарттық", - деп жазды әнші.
Динара Сұлтан анасының туған күніне Changan UNI-K маркалы автокөлігін сыйлаған. Көліктің нарықтағы бағасы 12 890 000 теңгеден басталады.
Еске салайық, бұған дейін Динара Сұлтан өзінен 17 жас үлкен күйеуіне әсерлі жазба арнаған еді.
"Бүгін - жігітімнің туған күні. Айтатыным, шексіз сүйемін. Нағыз ер - Ерлан! Менің тірегім, жүрегім, бір сөзбен айтқанда, арман жігіт қой. Өз-өзімнен қызғанамын. Аман жүр, жаным. "Это было любовь" әнін кезінде Еркеш Шәкеев бізге арнап жазған", - дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!