- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әр балама -...
"Әр балама - бір күтуші". Айсәуле Бақытбек балалы болу үшін күйеуіне қоятын 5 шарты туралы айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жақында үшінші рет әже атанады. Продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде балалы болудың бес шарты туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айсәуле Бақытбек ең әуелі үшінші жүктілігі жоспарлы түрде болғаны туралы жазды.
"Біз 8 жыл бойы өзіміз үшін өмір сүрдік, қыдырдық. Сосын өміріміздің келесі кезеңі басталды және біз тағы да, тағы да ата-ана болғымыз келетінін түсіндік. Мойындаймын, үшінші рет менің онша ықыласым болмады, алайда күйеуім райымнан қайтарды. Бұл өте жақсы идея деп мені сендірді және нәтижесі көріп отырғандарыңыздай. Мен дәрігеріме шешіміміз туралы хабарлағанда ол да аса құптай қоймады, бірақ біз өз дегенімізге жеттік", - деп қуанышты жаңалығын бөлісті ол.
"Қалай шешім қабылдадыңдар?" деген оқырманның сұрағына Айсәуле Бақытбек балалы болуға қатысты бірнеше нақты шарты болғанын айтты.
"Біріншіден, менің ойымша тек жақсы күйеуден бала туу керек. Балалы болу туралы қорқынышты азайтып, бәрін ықыласпен істеуге ең басты және алғашқы себеп осы деп ойлаймын.
Екіншіден, күйеуіме үйдегі бала саны мен бала күтушінің саны тең болуы керек деген шарт қойдым. Күйеуім болса "қаласаң, тіпті түнгі бала күтуші аламыз" деді.
Үшіншіден, бала бағуға күйеуімнің ата-анасы көмектеседі, оларға немерелерімен уақыт өткізу ұнайды.
Төртіншіден, мен аяғым ауыр кезде де, босанған соң да жұмысымды жалғастыра беремін. Бұл тіпті маған жақсы әсер етеді.
Бесіншіден, осы жасымда Сафия мен Сәттінің қылықтарын қызықтаған сайын бұл бақытты еселей түскім келеді", - деп түсіндірді Айсәуле Бақытбек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева