Қызамық (скарлатина) – өте жұқпалы ауру. Оның бактериялары сілекейдің ұсақ тамшысы арқылы жұғып, тамақ ауыруы, бөртпе және жоғары температураны тудыруы мүмкін. Қызамық ересектерге қарағанда жиі балаларда кездеседі. Әдетте онымен 3-12 жас аралығындағы балалар ауырады. Десе де, бұл ауру балада кез келген жаста пайда болуы мүмкін.
Қызамықтың белгілері қандай?
Қызамықтың алғашқы белгілері ол жұққаннан кейін 1-3 күннен соң пайда болуы мүмкін. Ауру кенеттен басталады. Қызамықтың жалпы белгілеріне мыналар жатады:
Сондай-ақ қызамық кезінде баланың тілі қызарып кетеді, өзіне тән бөртпе болады, таңдай бадамшасы ісіп кетеді, бетінің ішкі жағында ақ бүртіктер пайда болады.
Бөртпе бүкіл денесіне және бетіне шығуы мүмкін, тек мұрын-ерін үшбұрышы ғана ақ болып қалады. Бөртпе ағарып, бір апта өткен соң кетеді. Содан соң бөртпенің орны қабыршақтанады. Әдетте қызамық кезінде бөртпе қышымайды.
Алайда бұл белгілер басқа да ауруларда кездеседі. Тіпті, кей адамдарда қызамық бөртпесісіз және температурасыз дамиды. Жалпы қызамықты көпшілік ересек басқа аурулардан ажыра алмайды. Сондықтан балада жоғарыдағы белгілер байқалса, бірден дәрігерге көрсету маңызды. Себебі оны уақытында анықтап, дұрыс ем бастап кетсе, ол асқынулар бермейді.
Қызамыққа қарсы вакцина жоқ, сондықтан алдын алу шараларын сақтау керек. Баланың қолын жуу, ойыншықтарын тазарту, үйдегі тұрмыстық заттарды таза ұстау, үйді ылғал тазалау, бөлмені жиі желдетіп тұру және баланың иммунитетін қатайту керек.
Еске салайық, кеше Батыс Қазақстан облысында қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болғанын жазған болатынбыз. Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт бала ауруханада жатыр.