Аптасына үш рет отырып тұру жаттығуын жасаса не болады?

Аптасына үш рет отырып тұру жаттығуын жасаса не болады?
Фото: pixabay.com

Отырып тұру – дененің төменгі бөлігіне арналған ең тиімді жаттығулардың бірі. Оны басқа жаттығулармен үйлестіру денсаулығыңызға және дене пішініңізге жағымды әсер етеді. Отырып тұру жаттығуын аптасына үш рет жасасаңыз, қандай өзгерістер байқауыңыз мүмкін?

Дененің төменгі бөлігі қатаяды

Отырып тұру жамбас, сан және аяқ бұлшықеттерін іске қосады. Сондықтан олар қатаяды. Жүйелі түрде отырып тұру жаттығуын жасау дене пішініңізді сымбатты етеді. Сондай-ақ дененің төменгі бөлігіндегі бұлшықеттер күшін дамытады. Сіз өзіңізді күшті және сенімді сезе бастайсыз. Себебі күнелікті физикалық міндеттерді оңай орындайсыз.

Буындар саулығына пайдасы тиеді

Отырып тұру буындарды да қатайтады. Себебі қозғалыс кезінде қатайған бұлшықеттер жақсы амортизациямен қамтамасыз етеді.

Калория жағылады

тырып тұру - қарқынды жаттығу. Сондықтан ол калорияның жағылуына ықпал етеді. Бұл дұрыс салмақты сақтауға көмектеседі.

Иілгіштікті жақсартады

Отырып тұру жаттығуын жасау иілгіштіктің және денінің төменгі бөлігі қозғалғыштығының жақсаруына ықпал етеді.

Целлюлитпен күреседі

Отырып тұру целлюлиттің көрініп тұруын азайтады, себебі бұл жаттығу бұлшыеттерді қатайтып, қанайналымды жақсартады.

Энергияны арттырады

Бұл жаттығулар эндорфиндердің, яғни қуаныш пе энергия гормондарының өңделуін ынталандырады. Сондықтан бұл жаттығудан соң өзіңізді сергек сезінесіз.

Дұрыс дене мүсінін сақтауға көмектеседі

Отырып тұру кезінде тепе-теңдікті сақтауға тырысасыз, бұл өз кезегінде дене мүсінінің жақсаруына ықпал етеді.

Жаттығу алдында тамақ ішу керек пе? Мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова