"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 2 шілдеде еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғарғы өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының және Алматы қ. таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с
Алматыда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігідне жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз