Аптап ыстықтың беті қайта ма? Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстықтың беті қайта ма? Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 29, 30, 31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шілденің соңғы күндерінде елдегі ауа райына кең ауқымды циклон және атмосфералық фронттар әсер етеді. Ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ та жауады.

Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, жел соғады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғуы мүмкін.

"Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +18…+23 °C-қа дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget