Аптап ыстықтан қорғану орындары ашылды

Аптап ыстықтан қорғану орындары ашылды
Фото: Видео кадры

Испанияны аптап жайлады. Осыған орай билік Мадридте ыстықтан қорғану орындарын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Онда кіру тегін. Ішіне ауа баптағыш қойылған. Бұдан бөлек, салқын сусындар, тіпті балмұздақ бар. Мұндай орындар күн сайын таңғы 11:00-ден кешкі 21.00-ге дейін ашық тұрады. Кез келген тұрғын кіріп, демалып, бой жаза алады. Тіпті шахмат ойнауға да болады.

Испанияның бірқатар аймағында ауа температурасы +42 градустан түспей тұр. Пиреней түбегінде өткен айда қатты ыстықтан мыңдаған адам көз жұмды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget