Кейінгі күндері болған аптап ыстыққа байланысты "ыстық күнде салқын сумен жуынуға болмайды қан тамырлары жарылады, инсульт алады" деген ақпарат Whatsapp қосымшасында тіпті ақпарат құралдарында тарап жатыр. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаз ыстығында, немесе қатты шаршасаңыз, өте суық суды бірден ішпеңіз, себебі бұл тамырлардың немесе қан тамырларының тарылуына немесе жарылуына әкелуі мүмкін, бұл инсультке әкелуі мүмкін.
Күн ыстықта салқын су ішкеннен кейін тамырлар жарылады деген ақпаратқа ешқандай дәлел не зерттеу жоқ. Сондай-ақ, бұл ақпараттың таралымына байланысты Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері де суық судың денсаулыққа тигізер зияны туралы ешқандай дәлел жоқ екенін жазды.
Эндокринолог дәрігер Мадина Туашеваның айтуынша, ауа райының күрт ысып кетуі қантамыр, жүрек, эндокрендік аурулармен тіркеуде тұрған науқастар үшін қауіпті. Ал аптап ыстықта адамдар шама келгенше бөлме температурасындағы суды ішкен дұрыс дейді.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстықта мынадай кеңес береді:
Жаз мезгілінде бәрімізді ыстықтан қорғайтын салқындатқыш құралдар (кондиционер) көлікте, мекемелерде тіпті үйімізде де орнатылған. Алайда ол құралдардың сіздің денсаулығыңызға зиян тигізетінін білесіз бе?
National Library of Medicine сайтында жүктелген мақалада кондиционердің тыныс алу жолына зиян екенін және аллергиялық реакция беретінін жазған. Одан бөлек адам бойында тез шаршаңдық, мұрынның бітелуі, бас ауру, тұмаурату болады екен. Сонымен қатар ыстық ауа райында бірден ауа салқындатқышы бар бөлмеге кіру сіздің суық тиіп ауруыңызға да әсер етеді.
Күннің қатты ыстық кезінде салқын суды қабылдау, ішу зиян туғызады деген пікірге дәлел жоқ. Алайда егер сізде жүрек қан тамырлары ауруы болса дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Сонымен қатар, кондиционердің астында салқындамауға кеңес береміз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!