Аптап ыстықта салқын су ішу зиян ба?

Аптап ыстықта салқын су ішу зиян ба?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кейінгі күндері болған аптап ыстыққа байланысты "ыстық күнде салқын сумен жуынуға болмайды қан тамырлары жарылады, инсульт алады" деген ақпарат Whatsapp қосымшасында тіпті ақпарат құралдарында тарап жатыр. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаз ыстығында, немесе қатты шаршасаңыз, өте суық суды бірден ішпеңіз, себебі бұл тамырлардың немесе қан тамырларының тарылуына немесе жарылуына әкелуі мүмкін, бұл инсультке әкелуі мүмкін.

Үкім: Дәлелденбеген

Күн ыстықта салқын су ішкеннен кейін тамырлар жарылады деген ақпаратқа ешқандай дәлел не зерттеу жоқ. Сондай-ақ, бұл ақпараттың таралымына байланысты Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері де суық судың денсаулыққа тигізер зияны туралы ешқандай дәлел жоқ екенін жазды.

Эндокринолог дәрігер Мадина Туашеваның айтуынша, ауа райының күрт ысып кетуі қантамыр, жүрек, эндокрендік аурулармен тіркеуде тұрған науқастар үшін қауіпті. Ал аптап ыстықта адамдар шама келгенше бөлме температурасындағы суды ішкен дұрыс дейді.

Аптап ыстықта не істеу керек?

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстықта мынадай кеңес береді:

  1. Аптап ыстықта далада аз жүру. Ашық кеңістіктерде, әсіресе сағат 11:00 мен 17:00 арасында ұзақ уақыт күн астында жүрмеу;
  2. Далаға шыққан кезде табиғи маталардан тігілген және ашық түсті жеңіл киім кию керек. Киімнің жағасы кен болған жөн. Далада міндетті түрде бас киімдерді (жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б.), күннен қорғайтын көзілдірік, қолшатыр пайдалану керек.
  3. Физикалық жүктемені уақытша төмендету не оларды басқа салқындау күнге не кешкі уақытқа ауыстыру керек.

Күннің ыстық кезде не істеуге болмайды?

Жаз мезгілінде бәрімізді ыстықтан қорғайтын салқындатқыш құралдар (кондиционер) көлікте, мекемелерде тіпті үйімізде де орнатылған. Алайда ол құралдардың сіздің денсаулығыңызға зиян тигізетінін білесіз бе? 

National Library of Medicine сайтында жүктелген мақалада кондиционердің тыныс алу жолына зиян екенін және аллергиялық реакция беретінін жазған. Одан бөлек адам бойында тез шаршаңдық, мұрынның бітелуі, бас ауру, тұмаурату болады екен. Сонымен қатар ыстық ауа райында бірден ауа салқындатқышы бар бөлмеге кіру сіздің суық тиіп ауруыңызға да әсер етеді.

Қорытынды

Күннің қатты ыстық кезінде салқын суды қабылдау, ішу зиян туғызады деген пікірге дәлел жоқ. Алайда егер сізде жүрек қан тамырлары ауруы болса дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Сонымен қатар, кондиционердің астында салқындамауға кеңес береміз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек