Алматының Бостандық ауданында кешкі уақытта қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдің ортақ балконынан құлаған 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері дереу жеткен. Қаза тапқан азамат кім екені анықталған.
"Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға алдында жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген. Осы және басқа да мән-жайлар тергеу барысында жан-жақты тексеріледі. Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді полиция.
Сондай-ақ, марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды өзге де жағдайлар зерделеніп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова