Аптап ыстықтың салдарынан Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" кәсіпорны хабарлады.
"Казгидромет" мәліметінше, 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында 37 градус ыстық болады. Шілденің 15, 16 күндері күндіз Ақмола облысында күн қатты ысып, 35-38 градусқа жетеді.
Нұр-Сұлтанда 16 шілде күні күндіз 35 градус ыстық болады. 15 шілде күні Қостанай облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 36, кей жерлерде 39 градусқа жетеді.
15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз елдің басым бөлігіне ауа температурасы 43°С жетеді.