7 шілдеде еліміздің бірнеше облысында қатты ыстық пен жауын-шашынға байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 7 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында найзағай ойнайды. Облыстың орталығында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше (5 класс) өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
7 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. 7-8 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады.
Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
7 шілдеде таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы қаласында 7 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 36 градус қатты ыстық сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!