Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері батыс циклоны Қазақстан аумағы арқылы өтіп, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауады. 14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды.
"Бүкіл кезең бойы шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін аптап сақталады. Республика бойынша төтенше өрт қаупі сақталып отыр", - делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +30...+37 градусқа дейін төмендейді, елдің батысында негізгі ауа температурасы +25 +35 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!