Аптап, жаңбыр, жел: 7 маусымда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" жексенбі, 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде аптап ыстық болса, солтүстігі мен батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжанды. Шығыста айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматы — көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 26-28 градус жылы.

Шымкент — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 32-34 градус жылы.

Түркістан — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 33-35 градус жылы.

Қонаев — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 28-30 градус жылы.

Талдықорған — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 29-31 градус жылы.

Қызылорда — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 34-36 градус жылы.

Тараз — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 31-33 градус жылы.

Ақтау — көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 22-24 градус жылы.

Атырау — көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

Орал — көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 20-22 градус жылы.

Ақтөбе — көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде секундына 1-6 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

Қарағанды — көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 28-30 градус жылы.

Жезқазған — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 30-32 градус жылы.

Қостанай — көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

Көкшетау — көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 25-27 градус жылы.

Петропавл — көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Павлодар — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Семей — көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 30-32 градус жылы.

Өскемен — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 28-30 градус жылы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!