Аптап, жаңбыр және жел: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Аптап, жаңбыр және жел: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жаңбыр күтіледі?

Аптаның басында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 19 шілдеде - солтүстікте және орталықта, ал 20 шілдеде - елдің шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.

Антициклон келеді

Аптаның соңына қарай ел аумағына солтүстік-батыстан антициклон келеді. Соның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Республиканың көп бөлігінде жел күшейеді, ал оңтүстікте және оңтүстік-батыста құмды дауыл соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман күтіледі.

Аптап сақталады

Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда алдағы күндері қатты ыстық сақталады - ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батыс пен шығыста - 40 градус, ал оңтүстік-шығыста - 42 градусқа дейін көтеріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget