- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аптаның соңында теңге...
Аптаның соңында теңге нығаюымен аяқталды
Фото:
7kun.kz
KASE қор биржасының күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 353,83-ке тең болды. Ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 2 теңгеге нығайып отыр.
Күндізгі сессияда алғашқы келісім 354,99 теңгемен өтті. Ең жоғары баға да осы. Ең төменгі келісім 353,1 теңгемен жасалды. Сессияда сауда көлемі 38,05 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 350-354 теңге аралығында сатып жатыр.
Еске салайық, бүгін таңғы сессияда теңгенің долларға қатысты бағамы 355,92-ге тең болған еді. Ол кезде ұлттық валюта соңғы сессияға қарағанда 6 теңгеге әлсіреді.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін