Былтыр қаңтар-қараша аралығында 13,4 мың жол-көлік оқиғасы болған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға көп. Оның 1,7 мыңы адам өлімімен аяқталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апатының 11,6 мыңы жүргізушінің кесірінен болған. 378 жол апаты жаяу жүргіншінің кесірінен болса, 3 апат коммуналдық қызметкерлердің кесірінен болған.
Жол апаты ең көп болатын күн - дүйсенбі. Сонымен қатар, жол апаты сенбі және жексенбіде көп болады. Жол-көлік оқиғасы аз тіркелген күн - бейсенбі.
Одан бөлек, жол апатының 68 пайызы күндіз болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!