Apple смарт-қалам шығаруға патент алды

Apple смарт-қалам шығаруға патент алды

Өткен жылдың соңында cиликондық компания жаңа патент иемденді. Apple қолжазба құжатты электронды нұсқаға көшіре алатын ақылды қаламды өзінің интеллектуалды жеке меншігі ретінде тіркеуге қойды.

Жаңа технология мектепте оқушының жазылған жазбаларын тікелей қосалқы девайсқа көшіру мүмкіндігін береді. Көшіру үшін қалам Bluetooth арқылы кез келген смартфонға немесе планшетке қосылуы керек.

Патентте болашақта жасақталатын құрылғының техникалық мінездемесі берілген. Айта кетсек, қаламның ұшында көшіру үдемесін бақылайтын тетіктер орналастырылады. Мектеп оқушысының қалам көмегімен жазған барлық сөзі тікелей гаджетке қосылған смартфонның жадысына сақталады. Тіпті ауада жазылған сөз не әріптер де тіркеледі екен.

Смарт-қаламның авторлығына қатысты алғашқы патент 2010 жылы ұсынылыпты. Дегенмен белгісіз өтініш білдіруші патентке ие бола алмаған. Ал Apple ұсынған патент 2014 жылдың соңында ресми құптауға ие болды.

Apple инженерлерінің айтуынша, ақылды қаламның мүмкіндігі мол. Смарт-қалам екі нұсқада құрастырылып, бірі мектеп оқушысына арналса, тағы бірі өте көне қолжазбалардың дерегін анықтау мақсатында да қолданылмақ.

Жаңа патенттелген өнімнің шығу уақыты әзірге белгісіз. Ресми емес деректерге сүйенер болсақ, қалам ағымдағы жылдың соңына қарай сатылымға шығуы мүмкін.

Сурет: www.gopixpic.com

Ж. Өрісбай