Apple жаңа iPhone Duo смартфондарындағы ақауды растады

Apple жаңа iPhone Duo смартфондарындағы ақауды растады
Фото: x.com/Play4Index

Apple компаниясы жаңа iPhone Duo смартфонын пайдаланушылардың кейбірі ішкі дисплейге қатысты ақауға тап болғанын растады, деп хабарлайды Massaget.kz.

«iPhone Duo құрылғыларының аз бөлігінде ішкі дисплейге қатысты мәселе бар екенін білеміз. Мұндай ақауға тап болған пайдаланушылар құрылғыны ауыстыру үшін AppleCare қолдау қызметіне хабарласуы керек», – деп мәлімдеді компания.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар демалыс күндері Reddit және басқа да онлайн форумдарда пайда болды. Пайдаланушылардың айтуынша, смартфонның ішкі экраны орталық бүктелу сызығының бойымен жарылып кеткен.

Бұл мәселені Bloomberg инсайдері Марк Гурман да растады. Оның сөзінше, кейбір пайдаланушылар құрылғыны сатып алғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде зақымданғанын байқаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget