Apple хакерлерді сыйақы үшін сервисті бұзып көруге шақырды

Apple хакерлерді сыйақы үшін сервисті бұзып көруге шақырды
Фото: depositphotos.com

Apple компаниясы жасанды интеллект жұмысын бұза алатын маманға бір миллион долларға дейін сыйақы төлеуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания жүйенің қауіпсіздігін тексеріп көру үшін осындай шешімге келген.

Мұндай ақпарат компанияның сайтында жарияланды.

Жақында Apple Intelligence жасанды интеллект қызметі Apple компаниясының смартфондары, компьютерлері және басқа құрылғыларында жұмыс істейтін болады. Компания бұл жүйені іске қоспай тұрып хакерлер мен энтузиастарды сыйақы үшін сервисті бұзып көруге шақырды. Apple осылайша қауіпсіздік құралдарының сенімділігін тексеріп алғысы келеді. 

Apple тұтынушылардың барлық сұраулары инновациялық құпиялылық және қауіпсіздікпен қамтамасыз етілетінін ескертті. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева