- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әпкесімен ойнауға кеткен"....
"Әпкесімен ойнауға кеткен". Түркістан облысында 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр
Түркістан облысында 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша ол Арыс өзеніне құлаған болуы мүмкін. Бұл туралы еріктілер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еріктілердің айтуынша, оқиға 17 наурызда Еңбек ауылы маңындағы Түлкібас ауданында болған. 2018 жылы туған Нурикамал Серік есімді кішкентай қыз Арыс өзеніне құлап кеткен.
"Көргендер болса, қыздың әкесіне +7 (771) 639-26-22 нөміріне қоңырау шалыңыздар", - деп жазған еріктілер.
Полицейлер мен құтқарушылар іздестіріп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Нурикамал Серік
Өңірлік ТЖД өкілдері де іздеу жұмыстары туралы айтты. Ведомство мәліметінше, бала жоғалғаны туралы хабар 17 наурызда сағат 22:00 шамасында түскен.
"112" пультіне кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Шамамен сағат 17:00-де ол әпкесімен бірге ересектердің қарауынсыз Арыс өзеніне ойнауға кеткен. Кәмелетке толмаған әпкесінің айтуынша, қызды ағын алып кеткен", - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова