- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әпкемнің арқасы". Әнші...
"Әпкемнің арқасы". Әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнерге қалай аяқ басқанын айтты
Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнер жолына қалай келгенін айтты. Ол бұл туралы Желідегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эстрада жұлдызының айтуынша, оның өнер жолына аяқ басу әпкесі Роза Әлқожаның арқасы. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында әпкесіне арнайы жазба арнаған.
"Бақыттың! бақыттың!
тұрағы қайда?
Жүре ме күнде, тұрама айда!
Қол жетпестей биіктерде ме?
Деп сұрақ қойып Алматыға келген едім! 2005-жыл!
Ауылда жүрсе өспейді, өзі бұзық бала.
Қазірден бастап өнерге баулу керек, байқауларға шықсын, ән айтсын, сахнадан табылып жүрсін деп осы суреттегі қалпыммен өнерімнің қалыбын бастаған еді.Роза Әлқожамен ең бірінші дуэт айтқан менмін негізі.
Алтын Махамбетова апайдың басқаруындағы "Әнші болғым келеді" байқауы болатын.
"Республика сарайына" алғашқы қадам!
2000-адамның түрін көріп үлгермеген боз бала!
бірден 3000-адамның алдында ән айтты!
Әуелі Алла сосын Роза Әпкемнің арқасында.
Содан бері 18 жыл!!!
Осы өнерімнің қалыбын құрап,санама серпін,ойыма ақыл, парасатқа пайым берген ұлы ұстаз, мотиватор, қамқоршым, тірегім!!!
Балаға бере алмас байлықта маған бергеніңізге мың алғыс Розәпше
Сәттілік серік болсын.
Бізді бақытқа бөлеген осы елдің қашанда ақ батасын алып, ақмаңдайлы аңыз, ақ жаулықты әже болуыңды Алла жазсын.
Ақмаңдайлым", - деп жазған әнші.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін әнші Әбдіжаппар Әлқожа жарына су жаңа көлік сыйлағаны туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күн көкжиекте батқанда неге бірден қараңғы түспейді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә