"Апатқа дайын болмадық". Құлсарының су астында қалуына не себеп?

"Апатқа дайын болмадық". Құлсарының су астында қалуына не себеп?
Фото: massaget.kz/Нұржан Рысбеков

Биылғы көктем алып атыраптағы ат төбеліндей ел үшін тым ауыр. Топан судың астында қалған ауылдардың есебін санасаң екі қолыңның саусаған қатар жұмуға тура келеді. Қазір еліміздің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Ел болып бірігіп, еріктілер жұмылып қиын жағдайға тап болған отандастарымызға көмек қолын созуда. Massaget.kz тілшісі Атырау өлкесіне ат басын тіреп, жергілікті жердегі жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Біздің ұжым табиғи апатқа тап болған Атырау облысы, Құлсары қаласына барды. Өңірдегі жағдай оңалар емес. 3000-ға жуық нысан су астында қалды. Арнасынан адасып аққан су тұрғындардың айтуынша қаланың 70 пайызын басып қалған. Жергілікті жерде техника тапшы, адам аз. Тіпті күштік құрылымдар жұмылдырылған. Әкімдік "апатқа дайын болмадық" деп бірсыдырғы жауап берді. Құлсарыдағы ахуалды көзбен көріп, көңілмен сезініп қайттық. 

 

А. Жапатова